Маңғыстау облысында дзюдодан республикалық турнир басталды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Қарақия ауданында дзюдо күресінен «Халық батыры Ер Шабай Қонысұлы» атындағы IV республикалық турнир басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысында дзюдодан республикалық турнир басталды


Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Құрық ауылында ұйымдастырылған жарыс екі күнге жалғасады.

«Турнирде 2009-2010, 2011-2012 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар бақ сынайды. Сайысқа Алматы, Тараз, Түркістан, Талдықорған, Ақтөбе, Атырау қалаларынан, Маңғыстау облысының Ақтау, Жаңаөзен қалаларынан және Түпқараған, Бейнеу, Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия аудандарынан, сондай-ақ Қырғызстан елінен келген командалар, барлығы 500-ге жуық спортшы қатысып жатыр», - делінген баспасөз мәліметінде.

Дәстүрлі республикалық турнир осымен төртінші мәрте ұйымдастырылып отыр.



Фото: sports.kz