Маңғыстау облысында экотуризм тақырыбында экспедиция өтіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 қазанға дейін Маңғыстау облысында экотуризм тақырыбы бойынша «Eco Ustyurt Expedition» экспедициясы өтіп жатыр. Экспедицияға БАҚ өкілдері, блогерлер, инфлюенсерлер, видеографтар, фотографтар, ғылым докторлары және т.б. қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Экспедиция барысында өңірдегі экологиялық туризмнің бірқатар мәселелері, Маңғыстау облысы бойынша саяхаттау үшін қауіпсіз және ең оңтайлы маусымға қатысты ұсынымдар, сапарға өзіңізбен бірге не алу қажет жайлы сұрақтар талқыланады.
Сондай-ақ экспедициялық сапар шеңберінде «Қазақстан Республикасының өңірлік туристік өнімін ілгерілету үшін маркетингтік құралдарды пайдалануды жетілдіру (Маңғыстау облысының мысалында)» тақырыбында ғылыми зерттеу дайындалатын болады.
Экспедиция аясында барлық маршрутқа 7 жол талғамайтын көлік, дала асханасы, далада, этноауылда және визит-орталықта түнеу ұйымдастырылады. Экспедицияның ұзақтығы 5 күнді құрайды. Экспедиция жалпы ұзындығы 1500 км-ден асатын Маңғыстау облысының ең танымал жерлеріне баруды көздейді.
Ниет білдірушілер өз көліктерімен келесі маршрут бойынша қосыла алады:
21 қазан: - Ақтау қ. - Жығылған - Сұлтан үпі жерасты мешіті - Қапамсай каньоны - «Сартас» визит-орталығы;
22 қазан: Шақпақ ата жерасты мешіті - Шақпақтысай каньоны - Торыш шарлар алқабы - Шерқала тауы - «Айрақты-Шоманай» алқабы;
23 қазан: Тұзбайыр соры - Бекет ата (панорама) - Бозжыра (жоғарғы, төменгі немесе ортаңғы панорама)
24 қазан: Боқты тауы - Қызылқұп шатқалы - Қарақия ойпаты - Ақтау қаласы.
Plogging
23 қазан - Түпқараған ауданының, Саура шатқалында Plogging Saura өткізіледі;
24 қазан - Түпқараған ауданы, Тамшалы шатқалында Plogging Tamshaly өткізіледі.
23 қазан - Түпқараған ауданының, Саура шатқалында Plogging Saura өткізіледі;
24 қазан - Түпқараған ауданы, Тамшалы шатқалында Plogging Tamshaly өткізіледі.
Каспий теңізінің жағалауындағы спорттық жүгіріс және қоқыс жинау. Барлық ниет білдірушілер келесі сілтеме бойынша тіркеуден өтіп, қатыса алады: http://ploggingsauratamshaly.tilda.ws/
Plogging Saura және Plogging Tamshaly аясында эколог Дина Нұржанованың қатысуымен қоқысты сұрыптау бойынша мастер-класстар өтеді.
Қорытындысы бойынша марапаттау және қатысушыларға медальдар табыстау рәсімі болады.
Сондай-ақ, барлық қалдықтар Ecowasteaqtau-ға қайта өңдеуге тапсырылады.
Жиналған барлық қоқыстар сұрыпталып, Ecowasteaqtau-ға қайта өңдеуге тапсырылады.
25 қазанда Ақтау қаласында жүгіру бойынша жартылай марафон - AKTAU MARATHON өтеді.
Жартылай марафонның маршруты амфитеатр аумағынан басталады, кейін амфитеатр аумағында бұрылыс пен финиш болады. 2022 жылғы стартта келесі қашықтықтар ұсынылады: жартылай марафон - 20 км., жүгіру - 10 км. Әр қатысушыға бастапқы жиынтық, футболка, жарысқа арналған рюкзак беріледі.
Марафонға қатысушылары үшін тамақтану пункттері және маршрут бойы тегін су беру пункттері де орнатылған. Ерлер мен әйелдер арасындағы екі қашықтықтағы марафон жеңімпаздары ақшалай жүлделер мен сыйлықтар алады.
Жүгіріс іс-шара аумағында орналасқан Led экрандарда көрсетіледі.
29 қазанда trail running жарысы бойынша әр түрлі диджейлердің қатысуымен DJ Run Aktau - DJ фестивалі өтеді. Табиғи рельеф бойынша жүгіріс. Жарысқа қатысушылар саны - 500 адам. Жарыс басталғанға дейін trail running ашылу салтанаты өтеді, қатысушылар үшін бастапқы жиынтықтар ұсынылады. Маршрут бойынша жүгіру шынығудан басталады. Фиништан кейін жарысқа қатысушыларды медальдармен марапаттау рәсімі, баннер бойында суретке түсу өтеді.
Ди-джей фестивалі ашылу салтанатынан кейін 3 ди-джейдің, халықаралық байқаулардың жүлдегерлерінің қатысуымен басталады. Спектакль жарқын шоу және кәсіби жүргізушінің қатысуымен өтеді.