06:21, 15 Қараша 2022 | GMT +5
Маңғыстау облысында ірі жол апаты болды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - 14 қараша сағат 21.45 шамасында 102 кезекші пультіне Мұнайлы ауданы Атамекен селосында жол-көлік оқиғасы орын алғаны жөнінде шақырту түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аймақтағы полиция департаментінің мәліметінше, апат салдарынан бір көлік өртеніп кетті. Екі адам қаза тапты.
«Қазіргі уақытта өрт толықтай өшірілді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп жазды ведомстводан.
Бұл факт ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша Мұнайлы аудандық полиция бөлімінде тіркелген. Автокөлікті басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда екi немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан.