Маңғыстау облысында «ҚазАзот» кәсіпорнында ауаға газ атқылады

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында «ҚазАзот» АҚ кәсіпорнында ауаға газ бөлінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық экология департаментіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында «ҚазАзот» кәсіпорнында ауаға газ атқылады
Фото: instagram.com/mangystau_ecology_department

21 шілде күні 19:11 шамасында Маңғыстау облысы бойынша экология департаментіне «ҚазАзот» АҚ-дан шұғыл хабар түскен.

Онда № 4 агрегатты іске қосу процесінде САК цехында абсорбция бағанына су беру желісінде бекіту арматурасының плашкасы кептеліп қалғаны және бағанға тұзсыздандырылған судың шектеулі берілуінің салдарынан ҒТР бұзылғаны айтылады.

Соның салдарынан 5 минут бойы атмосфераға нитрозды газ бөлінген.

Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті «ҚазАзот» АҚ-ға жоспардан тыс тексеру жүргізеді.

Сонымен қатар заңда белгіленген тәртіппен қажетті шаралар қабылданады.

«Атқарылған жұмыстың нәтижесі қосымша хабарланады» деп мәлімдеді департамент.