Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған азамат Ақтау тұрғыны
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Бүгін сағат 09:50-дегі жағдай бойынша Маңғыстау облысында 1 адамның коронавирус жұқтырғаны мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол 24 жастағы Ақтау қаласының тұрғыны. Коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған, деп хабарлады Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Жедел штабы.
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша аталған азаматтан COVID-19 диагнозы нақтыланды. Казіргі уақытта науқас облыстық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне орналастырылды.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.
Осы уақатт Маңғыстау облысында қауіпті вирусты жұқтырған 19 адам, аурудан айығып кеткен 4 адам бар.