Маңғыстау облысында Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары О.Сәтқалиева және МКД ҚҚС аудиті және әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Сүйіпов қамауға алынды, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі.
«Департамент қызметкерлері төленген қосымша құн салығын заңсыз қайтаруға жәрдемдескен»,- делінген хабарламада.
«Лауазымдық құзыреттерін асыра пайдаланған олар Wegatrade Petroluim компаниясына 145 млн теңге көлеміндегі төленген қосымша құн салығы сомасын заңсыз кері қайтаруға жәрдемдескен», - делінген баспасөз хабарламасында.
ҚР ҚПК 128 бабына сәйкес ұсталған департамент қызметкерлері Ақтау қалалық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды.