Маңғыстау облысында полиция ғимараты өртеніп кетті

АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында жол полициясы бөлімінің бірқабатты ағаш ғимараты өртеніп кетті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Губкин көшесіндегі бұл өрт оқиғасы кеше, ақпанның 4-і күні күндіз болған. Өрт 100 шарты метр аудандағы бес кабинетті шарпып, нәтижесінде ғимараттың шатыры жартылай құлаған. Төтенше жағдайлар ведомствосының мәліметі бойынша, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Полиция ғимараты 1986 жылы салынған, оның жалпы ауданы 338 шаршы метрді құрайды.
Соңғы жаңалықтар