Маңғыстау облысында сауда орталықтарының жұмыс уақыты ұзартылмайды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ведомствоаралық комиссияның отырысында сауда үйлерінің жұмысын сенбі күні сағат 22:00-ге дейін ұзарту туралы облыстың бас санитар дәрігерінің ұсынысы қабылданбады. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Маңғыстау облысында сауда орталықтарының жұмыс уақыты ұзартылмайды

Бұған дейін Ғазиз Надуев Маңғыстау облысы коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша «жасыл» аймақта болуына орай ауданы 500 шаршы метрден асатын сауда, ойын-сауық, сауда үйлері мен орталықтарының жұмыс кестесін 22:00-ге дейін ұзарту туралы ұсыныс жасаған болатын.

Бассанитарлық дәрігердің ұсынысы қабылданбады. Карантин талаптарына сай сауда орталықтарының жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады. Бұл нысандардың кестесі жұмыс күндері - 22:00-ге дейін, сенбіде - 17: 00-ге дейін. Жексенбі - демалыс.