Маңғыстау облысында шаңды дауылға байланысты жол жабылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында Шетпе мен Жетібай ауылдары арасында көлік қозғалысына тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазвтожолға» сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында шаңды дауылға байланысты жол жабылды

Жергілікті уақыт бойынша сағат 13.00-ден бастап Маңғыстау облысында «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» тасжолының Шетпе ауылынан Жетібай ауылына дейінгі учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Оған шаңды дауыл, соның салдарынан жолдың дұрыс көрінбеуі себеп болған.

Маңғыстаулық жолшылар өңірдегі республикалық маңыздағы күре жолдарды күшейтілген режимде патрульдеп жүр.

Штаттан тыс жағдай туындаса 1403 нөміріне қоңырау шалу керек. Қазавтожолдың call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.