Маңғыстау облысында тағы да бірнеше қойды тамақтап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысындағы Сайын Шапағатов ауылының тұрғындары малдарының өлуіне байланысты тағы шағымданды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»  ХАА Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында тағы да бірнеше қойды тамақтап кетті

10 наурызға қараған түні ауылда малға тағы шабуыл жасалған.

Сайын Шапағатов ауылының тұрғыны Сағынғалидің айтуынша,  бір түннің ішінде жеті қой мен қозыны тамақтап кеткен.
«Таңертең олар шалажансар еді. Полицияны, жергілікті әкімдік қызметкерлерін, мал дәрігерін шақырдық. Келді, көрді де қайтып кетті. Сараптама жасалғанша өлекселерге тиіспеуді сұрады. Басқа түк те емес, қаңғыбас иттердің тағы да шабуыл жасағанының салдары бұл»,-дейді Сағынғали.

Сайын Шапағатов ауылы әкімінің міндетін атқарушы Жәнібек Еркебұлан бұл келеңсіз оқиға жайлы кейінірек айтып беруге уәде етті.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын қаңғыбас иттер осы ауылдың бірнеше қойын тамақтап кеткен еді. Билік 35 итті атып өлтірді.