Маңғыстау облысында таратылған үнпарақтар билікті күшпен тартып алуға үндеген - ресейлік сарапшы

АҚТАУ. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Алға» тіркелмеген партиясы мүшелерінің Маңғыстау облысы тұрғындарының арасында таратқан үнпарақтар билік көздерін күшпен  тартып алуға үндеген.

Маңғыстау облысында таратылған үнпарақтар билікті күшпен тартып алуға үндеген - ресейлік сарапшы

Бұл туралы бүгін Козлов, Әминов және Сапарғали ісі бойынша сот процесінде  Добронравов атындағы Нижегород Мемлекеттік университетінің лингвистика бойынша сарапшысы Михаил Грачев мәлімдеді. 

Бұдан басқа, М.Грачевтың айтуынша, бұл үнпарақтарда М.Әбілязов Қырғызстан төңкерістерінің тәжірибесін Қазақстанға аударуға үндеді, сондай-ақ олардың мазмұнында әлеуметтік алауыздық тудыру әрекеті байқалады.