Маңғыстау облысында «у шашқан» ұшаққа қатысты түсінік берілді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаулықтар «Ақтау қаласында ұшақтан у шашып жатыр» деп айтылған белгісіз әйелдің видеосын әлеуметтік желіде таратып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысында «у шашқан» ұшаққа қатысты түсінік берілді

«Міне, 13 қазан 2020 жыл, Ақтау қаласы. Міне, у шашып жатыр ғой. Адамдар ауырмай қайтеді? Аспанда шашып жүр», - дейді видеода әйел.

Осы видеоға қатысты Ақтау Халықаралық әуежайының атқарушы директоры Ерғазы Жолдасов жауап берді.

«Бұл – ұшақтың қозғалтқышынан шыққан конденсат. Ол жерге түспейді. Ұшақ ұшатын биіктіктегі ауа температурасы – 60 градус. Ұшақтан шыққан ыстық ауа салқын ауамен араласып, қатып қалады. Бірақ 4-5 минут өткеннен кейін ауада шашырап кетеді. Күн шыққанда және батқанда қызыл түс береді. Ал, күндізгі уақытта ақ болып көрінеді. Қараңғы уақытта – көгілдір болады. Күн сәулесі қалай түстетініне байланысты. Маңғыстау облысы тоғыз жолдың торабы болғасын, облыс аумағынан бірнеше бағытта ондаған ұшақ өтеді. Қазақтар оны «Құс жолы» деп айтады», - дейді Ерғазы Жолдасов.