Маңғыстау облысында үш адам термикалық күйікпен ауруханаға жатқызылды, олардың екеуі - балалар

АСТАНА. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында үш адам термикалық күйікпен ауруханаға жатқызылды,
None
None

деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Жұма күні, қаңтардың 8-інде, кешкі сағат бестің шамасында екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйлердің біріндегі пәтерден өрт шықты. Өрт салдарынан 29 жастағы әйел, үш және бір жастағы екі сәби термикалық күйікпен ауруханаға жатқызылды.

Өрт Маңғыстау облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің күшімен сөндірілді.

Соңғы жаңалықтар