Маңғыстау облысында заң бұзған шетелдіктер 13 млн теңге айыппұл төледі

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында жыл басынан көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерден 13 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді. Бұл туралы өңірлік Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысында заң бұзған шетелдіктер 13 млн теңге айыппұл төледі


«2022 жыл басталғалы ел аумағында болу заңнамасын бұзған және өзге де әкімшілік құқық бұзу фактілері үшін 5 мыңнан астам шетелдік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшылары әкімшілік жауапқа тартылған шетелдіктерден 13 млн 465 мың 239 теңге көлемінде айыппұл өндірді», - делінген баспасөз мәліметінде.

Сондай-ақ 407 шетелдік ел аумағынан шығарылған. Ал алимент төлеуден жалтарып жүрген іздестірудегі 95 азаматтың 78-і анықталды.

Бұдан бөлек тіркеуде тұрған 115 борышкердің 93-і жауапқа тартылды.