11:06, 23 Тамыз 2022 | GMT +5
Маңғыстау облысында жастарға арналған алғашқы сайт жұмысын бастады
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында жастарға арналған алғашқы сайт жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Маңғыстау облысында жастарға арналған сайт, интернет-платформа жоқ. Соны жасап жатырмыз. Сайттың мақсаты – жастар тұтынатын мемлекеттік тілдегі медиа контенттердің сапасын арттыру, жастардың мемлекет құрылымындағы маңызды рөлін айқындайтын, еңбегі мен шығармашылығын насихаттайтын ақпарат үлесін ұлғайту», - деді жоба жетекшісі Еділбек Дүйсенов.
www.mangystauzhastary.kz – Маңғыстау облыстық Жастар ресурстық орталығының порталы. Ол өңір жастарының тыныс-тіршілігінен мәліметтер береді. Аталған медиаресурс интерактивті құралдарды пайдалана отырып, сапалы контент беруді көздеп отыр.