Маңғыстау облысында жоғалған азаматты іздеуге тікұшақ тартылды
ҚҰРЫҚ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында із-түзсіз жоғалған азаматты іздеу жұмыстарына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, аудан әкімшілігінің қызметкерлері, еріктілер, ауыл балықшылары мен жоғалған азаматтың туыстары қатысып жатыр. ҚазАқпарат бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Iздестіру-құтқару жұмыстары Сарша жерінің аумағы және Ерсай жағалауына дейінгі аралықта жүргізіліп жатыр.
Оған барлығы 60 қа жуық адам, 20 ға жуық техника жұмылдырылды.
Таңғы уақытта Маңғыстау облысының ТЖД МИ-8 тікұшағы әуеден бақыласа, 10 қайықпен 7 сүңгуір (водалаз) теңізде іздеу жұмыстарын жүргізу үстінде.
Сондай-ақ аталған аумақты дронмен бақылау жұмыстары жүріп жатыр.