Маңғыстау облысында жоғалған бес жасар қыздар үйлерінен 9 шақырым жерден табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 24 мамырында сағат 11:00-де (Астана уақытымен) Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауданының Боранкөл кентінен оңтүстікке қарай 20 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығынан 2011 жылы дүниеге келген екі бала жоғалды. Іздеу нәтижесінде балалар жоғалған орнынан 9 шақырым жерден табылды, деп хабарлады ІІМ Төтенше жағдайлар бойынша комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
None
None

ҚР ІІМ ТЖК-нің ақпаратынша, балалардың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскенде шұғыл қызметтер бірден іздеу жұмыстарына кірісті. Оған жиырмаға жуық техника және ТЖБ, АІІБ, әкімдік, 2087, 99116 әскери бөлімдерінің қызметкерлері және еріктілерден тұратын жүзге жуық адам қатысты. Жоғалған балаларды іздеу жұмыстары күні-түні жүргізілген.

Бүгін, 25 мамырда таңертең сағат 06:15-те іздеу жұмыстарын табысты өткізу мақсатында ҚР ІІМ ТЖК «Қазәуеқұтқару» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы тартылды.

Сағат 07:29-да (Астана уақытымен) жаяу іздеу тобы балаларды олар жоғалған орыннан оңтүстікке қарай 9 шақырым жерден тапты. Балалардың хал-жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда, олар қосымша тексеру үшін медициналық қызметкерлерге тапсырылды.

3

Соңғы жаңалықтар