Маңғыстау облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға түсті

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға түсті

«17 қараша күні 25-інші шағынауданда жол-көлік оқиғасы болды. Көліктерде болған 5 адам облыстық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Оның біреуі қайтыс болды. Ал екеуі травматология бөліміне жатқызылып, екі адам амбулаторлық емге жіберілді», - делінген баспасөз мәліметінде.

Зардап шеккендердің бірінде жамбасы мен бұғанасы сынған. Оның жағдайы өте ауыр. Екіншісінің тобығы сынған. Науқастар дәрігерлердің бақылауында.