Маңғыстау облысында жол жабылды
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-м/п Ақтау» автожолы жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Ондағы мәліметтерге қарағанда, 16 наурыз күні сағат 19:30-дан бастап ауа райының күрт бұзылуына байланысты (күшті жел, шаңды дауыл, жодың көрінбеуі) «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Өтес-Шетпе-Жетібай-м/п Ақтау» автожолының 668-705 шақырымы, Бекі және Жетібай ауылдарының аралығы барлық көлік түрлері үшін жабылды.