Маңғыстау облысында жыл басынан бері 18 баланың құқығы қорғалды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда жыл басынан бері 18 баланың құқығы қорғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Тәттімбет Жұмалиев мәлім етті.

Маңғыстау облысында жыл басынан бері 18 баланың құқығы қорғалды

Оның айтуынша, департамент балалардың құқығын қорғау бойынша жылына бір рет білім беру, денсаулық сақтау саласына, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға, арнайы білім ұйымдарына мониторинг жүргізеді.

«Мониторинг тобының басты мақсаты - бала құқықтарына байланысты туындаған мәселелердің уақытылы шешілуіне ықпал ету. Кез келген азамат ҚР Бала құқықтарын қорғау комитеті бекіткен BALA QORGAU телеграм каналы арқылы толғандырған сұрағын қоя алады. Облыста бала құқығының қорғалуына байланысты аудан-қалалардан 18 тұрғынның арызы түсіп, заң аясында қорғалды»,-деді Тәттімбет Жұмалиев.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасына сәйкес, облыстағы білім мекемелеріндегі бейнебақылау камерасы мен әжетханалардың орналасуына байланысты мониторинг жүргізілді.

Бала құқықтарына байланысты мәселе туындаған жағдайда департаменттің 40-01-30 телефонына хабарласуға болады.