Маңғыстау облысындағы екі бекетте жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, соңғы уақытта сыртқы сауда, транзиттік ағындардың өсуінің оң серпіні байқалады және қолданыстағы автомобиль өткізу пункттері шекара арқылы өтетін автокөлік құралдары мен тұлғалардың өсіп келе жатқан ағынына күші жетпейді. Осыған байланысты, ведомство қазіргі уақытта ЕАЭО сыртқы шекарасындағы 9 автомобиль өткізу пунктін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру жөніндегі жобаны іске асыруда.
«Өткізу пункттерін реконструкциялау олардың нақты жабылуынсыз, бірақ автокөлік пен жеке тұлғалардың қозғалысын шектей отырып жүргізіледі. Мемлекеттік кірістер комитеті уақытша қолайсыздықтар мен шекарадан өту кезіндегі ықтимал кідірістерге түсіністікпен қарауды сұрайды.
Өткізу пункттерін жаңғыртуды аяқтау 2024 жылдың соңына жоспарлануда. Жаңғырту аяқталғаннан кейін өткізу пункттерінде Қазақстан азаматтары мен қонақтарының шекарадан өтуі үшін қолайлы жағдайлар жасалатын болады», - деп жазды комитеттен.