Маңғыстау облысындағы күрежолдардың бойына 100 шақырымдық электр қоршауы орнатылды
ҚазАвтоЖолдың мәліметінше, бұл шара үй жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған. Құрылғы жол-көлік оқиғалары жиі тіркелген учаскелерге орнатылды.
Жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын электр қоршауы:
«Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» тасжолында (Бекі ауылынан Жетібай ауылына дейінгі учаскеде)
«Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан шекарасы» тасжолында (Жетібай ауылынан Жаңаөзен қаласына дейінгі учаскеде) орнатылды.
Бұл жол учаскелерінің таңдалу себебі олардың қасында шаруа және фермер қожалықтары бар.
«Алайда бұл құрылғыларды бұзып немесе мүлдем ұрлап алып кеткен жағдайлар да тіркеліп отыр. Маңғыстау облыстық филиалы тұрақты негізде электр қоршауының зақымдану фактілеріне жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Күнделікті жолдарды бақылау жұмысы аясында жолшылар осы фактілерді анықтап, қоршауларды қалпына келтіруде», - деп атап өтті мамандар.