Маңғыстау облысындағы Тәртіптік кеңесте 5 қызметшіге қатысты істер қаралды

АСТАНА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысындағы Тәртіптік кеңестің кезекті мәжілісі өтті.
None
None

«Мәжіліс барысында Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексінің талаптарын бұзу фактілері бойынша 5 қызметшіге қатысты тәртіптік істер қаралды»,-делінген ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәліметінде.

Атап айтқанда олардың ішінде:

- «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы С.Қайрбаевқа қатысты қозғалған тәртіптік іс;

- «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Жаңаөзен қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Нұржауовқа және осы Инспекцияның мемлекеттік ветеринариялық - санитарлық иснпекторлары Ғ.Сәулебаева мен Б.Ержановаға қатысты қозғалған тәртіптік іс;

- «Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының филиалы мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы А.Сарбасовқа қатысты қозғалған тәртіптік істер бар.

Тәртіптік кеңес мәжілісінің қорытындысы бойынша Тәртіп кеңес мүшелері тәртіптік жаза қолдану туралы өкіміне өзгеріс енгізу үшін Жаңаөзен қаласы әкіміне ұсыныстарды бағыттау шешімін жасады.

3 қызметкерге қатысты деректер қосымша тексеру жүргізу үшін Жаңаөзен қалалық прокуратурасына жіберілді, сондай-ақ 1 қызметкерге қатысты тәртіптік жаза қолдану мерзімі өтіп кетуіне байланысты тәртіптік істі қысқарту туралы шешімдер қабылданды.

Соңғы жаңалықтар