Маңғыстау облысының әкімі 120-дан астам ардагерлерді құттықтады
Кездесуге 10 Ұлы Отан соғысының ардагері, 23 ауған соғысының қатысушысы және 24 Тәжікстандағы соғыстың ардагерлері мен Чернобыльдағы экологиялық апаттан соң мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісімен айналысқан 24 жауынгер бар. Сонымен қатар Семей ядролық сынақ полигонының ерекше қауіп бөлімшесінің ардагерлері мен мүгедектері және күш-қуат құрылымдарының 16 өкілі бар.
«Бүгін, 9 мамыр - Жеңіс күні. Бұл соғыс біздің еліміздің қазіргі тарихындағы ең бір күрделі кезеңдердің бірі болды. Жеңіске жету оңай болған жоқ. Бұл бейбітшілік жолындағы жанкештілік болатын. Бүгін біздің арамызда Ұлы Отан соғысы мен ауған соғысының, тәжік қақтығысының ардагерлері, Чернобыль апатының салдарымен күресушілер бар. Біз тарихты ұмытпауға тиістіміз. Бұл біздің әлем енді қантөгіс дегенді білмесін деген ниеттен туған болашақ жолындағы тарихымыз»,-деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов кездесуде.