Маңғыстау облысының әкімі мен орынбасары арасында кикілжің болды ма
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде тараған Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен орынбасары Нұрдәулет Қилыбай арасында кикілжің болды деген xабарлама жалған болып шықты, деп xабарлайды Қазақпарат тілшісі.
МО өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан хабарда "29 мамыр күні Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжанов пен орынбасары Н. Қилыбай арасында кикілжің болып, қоғамдық тәртіп пен этика нормалары бұзылды деген ақпараттың жалған екенін ресми түрде мәлімдейміз" делінген.
Нұрдәулет Игілікұлы 24-29 мамыр аралығында Қытай елінде іссапарда болғаны хабарланды.
Бұл жалған ақпаратты таратқан азаматтарды анықтау үшін құқық қорғау органдарына тиісті ресми хат жолданды.