Маңғыстау облысының аумағында қалың тұман түседі
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
«31 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Сол күні түнде және таңертең Ақтау қаласында тұман түсуі ықтимал», делінген синоптиктердің болжамында.