Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 наурыздағы №5 ҚАУЛЫСЫ шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірдің қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
None
None

«Маңғыстау облысының аумағында коронавирус инфекциясының алдын алу туралы» Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 06 наурыздағы #3 қаулысына өзгерістер енгізілді.

Қаулыға сай Маңғыстауда 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушыларын балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқыту көзделген.

Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне топтарды біріктіріп, іс-шаралар өткізбестен, ата-аналарды және еріп жүретін адамдарды кіргізбестен жұмыс істеуге рұқсат етіледі.


Соңғы жаңалықтар