Маңғыстау облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Ғазиз Надуев жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Құжатта Маңғыстау облыс «қызыл» аймақта болуына байланысты іске асырылатын қадамдар қамтылған.

Қаулыда спорттық-сауықтыру орталықтарына, фитнес-орталықтарға, моншаларға, сауналарға, бассейндерге 2022 жылғы 15 қаңтардан бастап Ashyq жобасында «жасыл» мәртебесі бар адамдарға ғана кіруді қамтамасыз ету ескерілген.

Сонымен қатар, Ashyq жобасына қатысуына қарамастан тыйым салу мына нысандарда ескерілген:

- концерт залдарының, театрлардың, цирктердің қызметіне;

- діни бірлестіктер нысандарында (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар) ұжымдық іс-шаралар өткізуге;

- конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар өткізуге;

- түнгі клубтардың жұмысына.

Сонымен қатар құжатта мектеп оқушыларын оқыту режиміне қатысты түсінік берілген.

Қаулының толық нұсқасын Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында қарап шығуға болады.