Маңғыстау облысының Өмірзақ ауылында әкім сайлауы өтіп жатыр

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Маңғыстау облысындағы Өмірзақ ауылының тұрғындары әкім сайлауында дауыс беріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Сайлау учаскелері өз жұмысын сағат 7:00-де бастаған, дауыс беру 20:00-ге дейін жалғасады.

Ауыл әкімі лауазымынан өзін-өзі ұсынған екі кандидат үмітті - Бисенғали Кенжалиев және Нұрсейіт Айладыр.

«Тұрғындар ауыл әкімін сайлауға белсене қатысып жатыр. Бүгін ауылымызда 3 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның екеуі, яғни №56 және №243 сайлау учаскелері №27 орта білім беру мектебінде орналасқан», - деді №243 сайлау учаскесінің төрайымы Дамен Нурбаева.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Қызылорда облысындағы екі ауылдық округте әкім сайлауы өтіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар