Маңғыстау облысының шекарасын кеңейту жоспарланып отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының шекарасы өзгеруі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Маңғыстау облысының шекарасы мен Каспий теңізі акваториясының бастапқы сызығы арасындағы жалпы алаңы 721 940,2365 гектар жерді облыс аумағына қосу арқылы Маңғыстау облысының шекарасы өзгертілсін», - делінген Үкімет қаулысының жобасында.

Құжатқа қосымша берілген түсіндірмеге сай, жерді облыс құрамына қосу үшін қосымша қаражат талап етілмейді және оның теріс әлеуметтік-экономикалық салдары болмайды.

«Жобаны қабылдау Маңғыстау облысының шекарасы мен Каспий теңізі акваториясының бастапқы сызығы арасындағы жерді облыс аумағына қосу арқылы Маңғыстау облысының шекарасын өзгертуге мүмкіндік береді», - деп түсіндірме берілген қаулыға.

Құжат 24 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.


Соңғы жаңалықтар