Маңғыстау: Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы жұмыстан босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінде Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысынан кейін орталық аппараттың және оның өңірлік департаменттерінің басшылары жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау: Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы жұмыстан босатылды

7 қарашада Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы берген монополияға қарсы ведомствоның жұмысын тәртіпке келтіру бөлігінде тапсырмасын орындау шеңберінде ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ҚР Бас прокуратурасы коммуналдық қызметтерге тариф белгілеу саласында анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тарту мәселесін қарады. 

Осылайша, комитеттің аумақтық бөлімшелерінің мынадай лауазымды тұлғаларына қатысты сөгіс жариялау түрінде жазалау шарасы қолданылды:
- Комитеттің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары;
- Комитеттің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары;
- Комитеттің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы;
- Комитеттің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы;
- Комитеттің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары;
- Комитеттің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы;
- Комитеттің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы;
- Комитеттің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы;
- Комитеттің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары;
- Комитеттің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.

Сонымен қатар, комитеттің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы атқаратын лауазымынан босатылды. 
Ал, монополияға қарсы ведомствоның мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғаринге және комитет төрағасы Азамат Майтиевке сөгіс жарияланды.