Маңғыстау тұрғыны анасын ұрып-соғып, өлтіріп қойды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында ер адам жанжал кезінде өзінің туған анасын соққыға жықты. Егде жастағы әйел алған жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz сілтеме жасап.

Маңғыстау тұрғыны анасын ұрып-соғып, өлтіріп қойды

«Аталған дерек Бейнеу аудандық ІІБ сотқа дейінгі тергеулер реестрінде ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша тіркелген. Күдікті тергеу изоляторына қамалды. Тергеу құпиялығына байланысты басқа мәліметтер жария етілмейді», - деді Маңғыстау ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Маңғыстау тұрғыны Қылмыстық кодекстің талаптарына сәйкес 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.