Маңғыстау тұрғыны Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 1750 шақырымды велосипедпен жүріп өтті

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстаулық велошабандоз Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 1750 шақырымды жүріп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау тұрғыны Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 1750 шақырымды велосипедпен жүріп өтті

Бейнеу ауданының меценаты, жеке кәсіпкер Рәббім Борашев «Бейнеу-Шалқар-Торғай-Нұр-Сұлтан» бағытында велосаяхатқа шыққан сапарын сәтті аяқтады.

Велошабандоздың құрметіне ауыл жастарымен кездесу ұйымдастырылды.

Жиын барысында жиһангез сапар кезінде аралаған жерлері мен қызықты оқиғаларды айтып, сұхбат берді.

«Басты мақсат – ішкі туризмді дамыту. Мен саяхат кезінде «Бейнеу-Шалқар-Торғай-Нұр-Сұлтан» бағытында жүріп өттім. Әр өңір ерекше қарсы алды. Әр жердің өзіндік ерекшелігі бар. Өте қатты ұнады. Осы орайда жастарды бос уақытты тиімді жұмсап, спортпен шұғылдануға шақырамын», - деді Рәббім Борашев.

Рәббім Борашев енді еліміздің шығысына саяхаттауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ велосаяхат жайында кітап жазуға ниетті.

Аудан әкімінің орынбасары Рақымжан Шалабаев «Бейнеу ауданының бірінші велошабандозы» деген жазуы бар спорттық киім мен жаңа велосипедті сыйға тартты.