Маңғыстау тұрғынынан 50 келіге жуық бекіре балығы тәркіленді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау тұрғынынан 50 келіге жуық бекіре балығы тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2 сәуір күні Форт-Шевченко қаласының жергілікті тұрғынының үйінен жалпы салмағы 49 келіден асатын 5 дана бекіре балығы тәркіленді.

Ұсталған 60 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.


Соңғы жаңалықтар