Маңғыстау туристік нысандары 5,5 мың туристі қабылдауға дайын

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының туристік нысандары биыл 5,5 мың туристі қабылдауға дайын, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Маңғыстау туристік нысандары 5,5 мың туристі қабылдауға дайын

Маңғыстау облысындағы өңірдегі жалғыз аквапаркы бар ірі туристік демалыс базасына бірінші болып «Спешиал Олимпикс Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің облыстық бөлімшесінің балалары мен облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері барды.

«Жаз маусымындағы біздің міндетіміз - сендердің теңіз жағасында, жазғы сауықтыру лагерлерінде демалып, күш жинап, өз денсаулықтарыңды ретке келтірулеріңе жағдай жасау болып табылады. Сендердің еліміздің айбынды азаматтары болып ер жетіп, ертең Отанымыз - Қазақстанның гүлденуі мен өркендеуі жолында аға буынның жолын жалғастыратындарыңа сенімдімін», - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов алғашқы келушілерге.

Маңғыстау облыстық туризм басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Сүйеуова атап өткендей, өңірде Каспий жағалауында орналасқан 6 жазғы лагерь бар.