Маңғыстау ұнын Қытайда сатуды жоспарлауда

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау Бейнеу астық терминалының ұнын Қытайға экспорттауды жоспарлауда. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Бейнеу ауданына барған кезде белгілі болды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Маңғыстау ұнын Қытайда сатуды жоспарлауда

Бейнеу астық терминалы 2010 жылы пайдалануға берілген. 16 гектар алаңға астықты қайта өңдейтін, құрама жем өндіретін автоматтандырылған цех, элеватор  орналасқан. Терминалдың жүк айналымы жылына 2 млн тоннаны құрайды. Жыл сайын 40 мың тонна ұн, 11 мың тонна құрама жем өндіріледі. Нысанда Бейнеу ауданының 146 тұрғыны жұмыс істейді. Дайын өнім Маңғыстау, Атырау облыстарына жеткізіліп, Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Иранға экспортталады.

«Күзде астық арзандайды. Сондықтан элеваторды толтыру үшін нақ осы кезеңде бидайды көбірек сату мүмкіндігін қарастыру қажет.  Бұдан басқа, облыс әкімінің орынбасары  Райымбек Әміржановқа Ақтау индустриалдық аймақ ауданында жергілікті тауар өндірушілер үшін орама дайындау цехын ашу мәселесін пысықтауды тапсырамын. Осы жерде ашуға болатын болса, оны неге басқа өңірден сатып аламыз? Сондай-ақ Бейнеу терминалының ұнын Қытайға экспорттауды реттеуді тапсырамын. Оларға жеткізу географиясын кеңейтуге жәрдемдесу қажет», - деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тұғжанов.

Өңір басшысы Бейнеу ауылындағы су тазалайтын құрылғыны қарап шықты. Нысан 2016  жылғы желтоқсанда пайдалануға берілген. «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасына енгізілген жобаның құны 2 млрд теңгеден асады. 45 мың текше метр  су үшін бес резервуар бар. Жабдықтардың 65 пайызы Қазақстанда сатып алынған, Қалғаны Германия мен Оңтүстік Кореядан алынды.

1 2 3 4 5 6