Маңғыстау және Павлодар облыстарының кәсіпкерлеріне бүлікшілерден зиян келген жоқ – «Атамекен» ҰКП

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің 9 өңірінде бизнестің шығынға ұшыраған 1763 субъектісі анықталды. Соның ішінде Алматы қаласында 1904 нысанда орналасқан 1618 субъекті бар.

Маңғыстау және Павлодар облыстарының кәсіпкерлеріне бүлікшілерден зиян келген жоқ – «Атамекен» ҰКП

Бұл туралы ҚазАқпарат Алматы трагедиясы Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Жалпы шығын көлемі шамамен 94,4 млрд астам теңгені құраған, соның ішінде Алматы қаласындағы шығын – 92,4 млрд теңге.

Шығынға ұшыраған бизнес салалары:

- сауда – 1602;

- қоғамдық тамақтану – 52;

- қаржы секторы – 77;

- логистика – 27;

- БАҚ – 5.