Маңғыстауда 10 адам теңізге батып кеткен
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Өткен жылы Каспий теңізінде 10 адам суға кетіп, көз жұмған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысы Қуанар Базарбаевтың айтуынша тағы 22 адам құтқарылған.
«Маусым айынан бастап жүзу маусымы басталады. Осы орайда, жедел құтқару шаралары да бірінші кезекте атқарылуы керек. Сонымен бірге адамдар рұқсат етілмеген жерлерде суға түспеуі тиіс», - деді Қ.Базарбаев.
Облыс аумағында Каспий теңізі маңында жазғы демалыска арналған 30 бөлімше бар. Оған Ақтау қаласы және «Кендірлі» демалыс аймағындағы базалар, жағажай аймақтары, балалар лагерлері кіреді.