Маңғыстауда 118 мәслихат депутаты өз таңдауын жасады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаудағы сайлау учаскесінде облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары жиналды. Бүгін 118 депутат өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстаудан Сенат депутаттығына үш кандидат үміткер. Тіркелген кандидаттардың екеуі –мемлекеттік қызметші, біреуі – кәсіпкер. Үшеуі де Ақтау қаласының тұрғындары. Парламенттің жоғарғы палатасына сайлау Ақтау қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында өтіп жатыр. Дауыс беруге облыс мәслихаттарының барлық деңгейдегі 118 депутаты жиналды.

«Кандидатқа зор сенім артып отырмыз. Елге, өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуына, әрбір стратегиялық жоспары аясында қызмет етеді деген сенімдеміз. Республикалық деңгейде заң шығару, заңдарды толықтыру бағытында жұмыстар жүргізеді деген сеніммен өз таңдауымды жасадым, дауыс бердім» деді Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Жаңбырбай Матаев.

Жалпы Маңғыстау облысы бойынша барлығы 7 адамнан өтініш түскен. Оның ішінде 6 адам өзін өзі ұсынған. Құжаттарының дұрыстығына қарай 3 үміткер тіркелгенін жазған едік

Соңғы жаңалықтар