Маңғыстауда 15 итбалық пен бекірелердің өлексесі табылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Баутино ауылы маңынан 15 өлі итбалық пен 4 бекіре балығының өлексесі табылды. Балықшылар оларды бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: gov.kz

«Жайық-Каспий» облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы, облыстық экология департаменті, ветеринария инспекциясы, Қазгидромет және жергілікті атқарушы орган өкілдері оқиға орнына барды.

Алайда экологтар аталған жерден сынама ала аламаған. Өйткені теңіз жануарларының қаңқасы шіріп кеткен.

«15 итбалық пен 4 бекіре балығы денесінің ыдырау деңгейі өте жоғары, сынама алуға мүмкіндік болмады. Бұл - биыл тіркелген үшінші жағдай. Барлығында да өлексе ескіріп, шіріп кеткен», - дейді Маңғыстау облыстық балық инспекциясы басқармасының басшысы Жақсығали Іздібаев.

Қазір аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, мамандар жануарлардың қырылу себебін анықтап жатыр.


Соңғы жаңалықтар