01:15, 17 Қараша 2022 | GMT +5
Маңғыстауда 20 қараша күні автобус жолаушылары тегін тасымалданады
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Кезектен тыс президент сайлауы өтетін күні, яғни 20 қарашада Маңғыстау облысындағы Ақтау қаласы мен Түпқараған және Мұнайлы аудандарында автобуспен жүру тегін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қала ішінде де, ауданаралық бағыттарда да тегін жол жүру ұйымдастырылады», - дейді Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Адайбек Қалиев.
Бұл – №103, №104, №105, №106, №107, Ақтау-Батыр, Ақтау-Қызыл-Төбе-2, Ақтау-Ақшұқыр, Ақтау-Сайын-Шапағатов және қалалық №2, 3, 4, 4М, 5, 7, 8 бағытындағы автобустар.
Қоғамдық көліктер бұл күні әдеттегі кесте бойынша сағат 6:00-ден 20:00-ге дейін қатынайды.