Маңғыстауда 20 мыңға жуық әйел бала күтіміне байланысты жәрдемақы алады

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда 19 626 әйел бала күтіміне байланысты жәрдемақы алады. Ал 2022 жылы туған 15 мыңнан астам анаға төлем мерзімі 1,5 жасқа дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2022 жылы әрбір босанған әйелге төлем ұзартылды. Мәселен, өңірде 15 мыңнан астам жәрдемақы алушыға төлем мерзімі 1,5 жасқа дейін өсті.

«2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала күтіміне байланысты жәрдемақы төлеу 1, 5 жылға өсті. Маңғыстау бойынша 25 млрд теңгедей әлеуметтік төлемдер жасалса, соның 15 млрд теңгесі жүктілік және босануға байланысты, ал 10 млрд теңге бала күтіміне байланысты төленіп отыр», - деді «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» Маңғыстау облыстық филиалының директоры Өтеген Үркімбаев.

Төлемдерді қайта есептеу, арттыру және ұзарту автоматтандырылған режимде жүргізіледі.


Соңғы жаңалықтар