Маңғыстауда 20 мыңға жуық жеткіншек алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда 2023-2024 оқу жылында 569 білім беру ұйымы жұмысын бастайды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Барлық білім беру ұйымының 356-і балабақша, 188-і мектеп, 25-і колледж.
«Балабақшаларға 42 мың бала, мектептерге 183 мыңға жуық оқушы, колледждерге 5500-ден астам студент келеді деп жоспарланып отыр» делінген баспасөз мәліметінде.
Сондай-ақ облыс көлемінде 10 жекеменшік мектеп ашылып, оқушы қабылдамақ.
1-сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірден 1 тамызға дейінгі аралықта жүргізілді. Облыс тұрғындарынан 20 мыңға жуық өтініш келіп түсті.
Барлық мектептерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
33 мектеп 79 жаңа типтегі кабинеттермен жабдықталып жатыр.