Маңғыстауда 20 шағын кеменің иелері жауапкершілікке тартылды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында 100 шағын кемені тексеру 1 маусымда басталды. Рейд қорытындысы Маңғыстау әкімінің орынбасары Әнуар Шөжеғұловтың төрағалығымен Каспий теңізі жағалауында шағын кемелерді дұрыс пайдалану, жағажай, демалыс орындарың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мәжілісте айтылды.
«1 маусымнан бастап бүгінге дейін 100-ден астам шағын кеме қаралып, 30 дан астам заң бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Екеуіне бұзушылықты жойғанға дейін кемені пайдалануға тыйым салу туралы нұсқама берілді. Ұсталған кезде тиісті қызметтерден кеме билеті мен оларды басқаруға құқық беретін куәліктің түпнұсқасы болуын талап етуді тапсырамын. Борт нөмірі мен кеме билеті сәйкес болуы тиіс. Заң бұзғандарды ұстау фактісі бойынша материалдар әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясына жіберіледі», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Ә.Шөжеғұлов.
Уәкілетті органдарға теңіз маңындағы шағын кемелерді тұрақты тексеріп отыру ұсынылды.