Маңғыстауда 3 мың орындық жатақхана құрылысы басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстауда 3 мың орындық жатақхана құрылысы басталады. Маңғыстау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, бұл жайында Жастар саясаты басқармасының басшысы Бауыржан Тұяқов айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпара тілшісі.

Маңғыстауда 3 мың орындық жатақхана құрылысы басталады

Аталған қызмет мәліметінше, өңірде «7-20-25» бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. Мәселен, аталған бағдарлама аясында 241 отбасы баспаналы болса, соның 200-і жас отбасы.

«Маңғыстау облысы баспана құрылысы бойынша елімізде көшбасшылық орынға ие болып келеді. Сонымен қатар 3000 орындық жатақхананың құрылысы басталады. Ал «Дипломмен алуға» бағдарламасы бойынша 200-ден астам жасқа үй алуға несие беріледі», - деп атап өтеді өңірлік коммуникациялар қызметінен.