Маңғыстауда 50-ден астам жүкті әйел дауыс берді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласындағы Ана мен бала орталығында дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

34-шағынаудандағы перзентханадағы әйелдер таңғы 9.00-ден бастап дауыс бере бастады. Барлығы белсенді қатысты.

Жалпы, орталықтағы 247 келіншек өз таңдауын жасаған. Оның ішінде 56 әйел жүкті. 80-нен астамы жаңа босанған. Ал, 12 әйел босануға дайындық үстінде.

Алғаш рет сайлауға қатысқан 18 жастағы Мөлдір Сәкенқызы өз пікірін білдірді.

«Менің перзентханаға келгеніме 5 күндей болды, бүгін ел үшін маңызды қадамды осында жасадым. Сайлау учаскесіне бармай-ақ, осындай мүмкіндік жасалғанына алғыс айтқым келеді. Өз таңдауымды жасадым», - дейді.

Соңғы жаңалықтар