Маңғыстауда «Адал жол» акциясы басталды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау өңірінде «Адал жол» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы акция басталды. Шараның мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактика жұмыстарын күшейту, жас ұрпақ пен барша қоғамды осы дерттен аулақ жүруге шақыру, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстауда «Адал жол» акциясы басталды

 Марафондық эстафета түрінде бастау алған акцияға Лондон мен Рио-де-Жанейро олимпиадаларының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен мемлекеттік қызметшілер, студенттер мен оқушылар, этномәдени орталықтарының өкілдері қатысты.

     Маңғыстаудың мақтанышы Әділбек Ниязымбетовтың айтуынша, «Отанға деген құрмет осындай игі шараларға белсенділік танытудан басталады. Сондықтан жастар туған жеріндегі адалдыққа, ақ жолға шақыратын игі бастамаларға жиі қатысу керек. Елбасы әрдайым Қазақстанның болашағы жастардың қолында деп келешек ұрпаққа сенім артады. Еліміздің болашағы - білімді, адал,  ұлтжанды азаматтардың қолында».
null

Алдымен марафоншылар Ақтау теңіз айлағында катамаранға мініп қаланың қақ ортасына дейін жүзіп келді. Оларды оқушылар мен студенттер, жергілікті атқарушы билік өкілдері мен мәслихат депутаттары күтіп алды. Алаңда жастардың қатысуымен флеш-моб өтті.
null

«Маңғыстау мәртебелі атағымен, абыройымен көпке үлгі болатын өңірлердің қатарында. Сондықтан  осы адал жолды, таза жолды, сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін, сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтін, жастар мен қоғамның барлық өкілдерін осы ортаға жұмылдыра шақыра отырып, Түпқараған ауданына табыстайтын боламыз»,- деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің МО департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова.
null

Әрі қарай Маңғыстау белсенділері акцияның жалауы мен еліміздің көк байрағын көтеріп, Ақтау қаласын айналып өтті. Олар эстафетаны Түпқараған ауданының тұрғындарына табыстады. Ақшұқыр ауылында марафоншыларды ауыл тұрғындары құшақ жая қарсы алды. Жас өнерпаздар күйден шашу шашып, акция жалауын қабылдап алды.
null

Жыл бойына жалғасатын «Адал жол» акциясы аясында барлық сала қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған әртүрлі деңгейдегі шаралар ұйымдастыру жоспарланған. Түпқараған ауданы алдағы уақытта эстафетаны әрі қарай облыстың өзге аудандары мен қалаларына жолдайды. Республика бойынша жүріп жатқан «Адал жол» акциясы «9 желтоқсан - сыбайлас жемқорлықпен күрес күні» елордада, ал облыстық деңгейдегі шаралар Ақтау қаласында қорытындыланады.

nullnull

Францияның әскери полигонында өткен заңсыз кеште 30-дан астам адам зардап шекті
Ұқсас жаңалықтар

Францияның әскери полигонында өткен заңсыз кеште 30-дан астам адам зардап шекті