Маңғыстауда «Алғыс айту» күніне орай 100-ден аса мәдени шара өтеді
«Абай» атындағы мәдени-демалыс кешенінде «Алғыс айту – парызым!» мерекелік концерті мен М. Өскінбаев атындағы облыстық филармонияда «Ақшағыл» этно-фольклорлық ансамблінің және «Жорға» би тобының концерті өтеді.
«Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрында «Перзентхана» қойылымы, 3 наурыз күні «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде «Ақ жаулықты әжелер» атты кездесу кеші, М .Өскінбаев атындағы облыстық филармонияда кіші симфониялық оркестрдің концерті ұйымдастырылады», - дейді Маңғыстау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Базаралиева.
Сонымен қатар, облыстық музейлер мен кітапханаларда «Бұл әлемді әдемі ету үшін, жақсы сөздер айтыңыз» тақырыбында алғыс айту сағаттары, «Алғыс айту – парызым!» кітап көрмесі мен «Мың алғыс» ертеңгілігі, «Жылы лебіз жан тебірентер» кездесу кештері өтеді.
Осындай мәдени шаралар Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған, Бейнеу ауданында да ұйымдастырылмақ.