Маңғыстауда алимент төлемеген әке 7 айға қамауға алынды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстауда алимент төлемеген әке 7 айға қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстауда алимент төлемеген әке 7 айға қамауға алынды

Маңғыстауда 2023 жылы 114 баланың құқығы қорғалып, 10 миллион теңге көлемінде алимент өндірілген.

Сондай-ақ балаларына қарызы бар 11 борышкер әке жұмысқа орналастырылған.

«Өңірде 16 азаматқа қылмыстық жаза қолданылған. Соның бірі 7 айға бостандығынан айырылды. Алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлермен жұмыс жүргіземіз. Ол кісілерге қатысты рейд өткізіліп тұрады. Сондай-ақ шетелге шығуға, лецензия алуға, көлік құралдарын жүргізуге уақытша тыйым салынады», - дейді Маңғыстау облыстық прокурорының аға көмекшісі Берік Ходжаев.

Жалпы биыл 16 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылса, 12 қылмыстық іс сотқа дейінгі тексеру сатысында жатыр.