Маңғыстауда әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде әскери қызметші өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Маңғыстауда әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсады

«Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде келісімшарт бойынша жұмыс істеп жүрген әскери қызметші 2-сатылы старшина Н.Қ. Ерназаров өз-өзіне қол жұмсады. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында ҚР ІІМ әскери-тергеу басқармасы, әскери прокуратура және әскери полиция қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Өзіне қол салудың мән-жайы анықталуда», - делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.  

Алдын ала деректер бойынша, өз-өзіне қол жұмсау себептері әскери қызметпен байланысты емес. Қосымша ақпарат тергеп-тексеру шаралары аяқталған соң хабарланады.